"Ауыл" партиясы: кандидаттар ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын кәсіпорынға барды

  • AstanaTV
  • 31 шілде 2026

«Ауыл» партиясының сайлауалды штабының өкілдері Ақмола өңірінде болып, халықпен кездесулер өткізді. Оның алғашқысы еліміздің агроөнеркәсіптік кешеніне арналған заманауи ауылшаруашылығы техникасы мен жабдықтарын жеткізетін жетекші компанияда өтті. Серіктестік 25 жылдан бері отандық ауылшаруашылық тауарын өндірушілерді озық технологиялармен қамтамасыз етіп келеді. Партия төрағасы өңір тұрғындарын сайлауалды бағдарламамен таныстыра отыра, халықты толғандырған сұрақтарына жауап берді. Үгіт-насихат жұмыстарымен келген партия кандидаттары Біржан сал ауданына қарасты Үлгі ауылының тұрғындарымен кездесті. Жүздесуде ауылдық аумақтарды дамыту, агроөнеркәсіп кешенін қолдау, халықтың өмір сүру сапасын арттыру сияқты өзекті мәселелер талқыланды.

ҚАЙРАТ АЙТУҒАНОВ, «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Халықпен кездескенде көп сұрақ қойып жатыр. Көп ұсыныс беріп жатыр. Біз оны жазып алып, оны іске қосамыз. Көп мәселелер көтеріліп жатқан шалғай аудандарда жол мәселесі, интернет мәселесі, су мәселесі. Сондай мәселелерді халық көтеріп жатыр. Бірінші үлкен мәселе олар айтады жұмыс орны дейді.