Құрылтай сайлауы – конституциялық реформаның заңды жалғасы

Құрылтай сайлауы – конституциялық реформаның заңды жалғасы. Әрі саяси билікті айқындай түсетін алғашқы институт. Сарапшылар алдағы сайлауды жаңа мемлекеттік құрылымды жүйелеу жолындағы үлкен қадамға балап отыр.  Өйткені ары қарай құрылатын вице-президент, Үкімет пен Халық кеңесінің тағдыры да осы науқаннан бастау алмақ. Депутаттарды партиялық тізім бойынша таңдау да ел алдындағы жауапкершілікті күшейтеді дейді саясаттанушы Бақытжан Бұқарбай.

БАҚЫТЖАН БҰҚАРБАЙ, САЯСАТТАНУШЫ:

Сондықтан Құрылтай қазір қалай осындай институционалды өзгерістерді қалай дұрыс бастап кетсе, қалған институттар да осы процесске қарап бой түзейді. Бұл жерден біз екі нәрсені аңғара аламыз. Біріншіден мобильділік пайда болады. Екі палаталы болғанда заңдар ұзақ қарастырылады. Біз қазір бір жағынан турбулентті заманға кіруіміз мүмкін дегендей болжамдар айтылады. Екіншіден, жалпы қазір өмірдің ырғағы, қарқыны жылдамдап жатыр. Сондықтан осы жағдайда заң шығару процессі тезірек іске асқаны дұрыс.