1 маусымнан бері елімізде 102 адам суға кетті. Оның 34-і- кәмелет жасқа толмаған бала. Былтыр шомылу маусымында 88 адам, оның ішінде 28 бала суға батып кеткен. Төтенше жағдайлар министрлігі бұл жайтты аптап ыстықпен байланыстырып отыр. Қайғылы жағдайлардың 85 пайыздан астамы белгіленбеген жерлерде шомылудан болған. Одан бөлек, мас күйінде суға түсіп ажал құшатындар бар. Министрлік биылдан бастап ерекше шараны қолға алған. 5-13 жас аралығындағы 30 мың балаға жүзуді үйреткен. Себебі, осы жастағы жеткіншектер жүзе алмайтындықтан суға кетеді.
МАГОМЕТ АХРИЕВ, ҚР ТЖМ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫ ЖОЮ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
Төтеншеліктер шомылу маусымы басталғалы бері 218 адам, оның ішінде 76 кәмелетке толмаған баланы құтқарып алды. Жыл басынан бері санасақ, құтқарылғандар саны – 252 адам. Адамдардың басым көпшілігі белгіленбеген жерде шомылып жатады. Ол жерде құтқармақ түгілі, дер кезінде жетудің өзі қиын. Сондықтан, шомылуға болмайды деген белгісі бар жерлерден аулақ болуды өтінеміз.