Қазақстандық шахматшы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Фото: Астана әкімдігі

Болгарияның София қаласында көру қабілеті бұзылған спортшылар арасында шахматтан 4th IBSA World Individual Chess Championship әлем чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде елордалық спортшы қола жүлдегер атанды.

Дүбірлі додаға 8 мемлекеттен 30-ға жуық спортшы қатысып, әлемнің үздіктері өзара бақ сынады.

Аталған әлем чемпионатында Астана қаласының спортшысы Нұрғиса Қуанышұлы жоғары деңгейде өнер көрсетіп, қола жүлдеге ие болды.