Қарасайда 16 жастағы қыз түнде үйден шығып кетіп, із-түзсіз жоғалды

Фото: instagram.com

Алматы облысының Қарасай ауданында 16 жастағы қыздың із-түзсіз жоғалып кеткені туралы ақпарат тарады. Бұл жөнінде LIDER.KZ еріктілер қозғалысы хабарлады.

2009 жылғы Ясмина Шерзатқызы Шертаева 21 шілде күні шамамен сағат 23:30 шамасында Қарасай ауданындағы үйінен шығып кеткен. Содан бері оның қайда екені белгісіз.

Еріктілердің мәліметінше, қыз соңғы рет Қарасай ауданындағы «Долан» аялдамасы маңында, «Бамбарбия Кергуду» ресто-бары жағындағы бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Алайда оның кейін қандай көлікке мінгені және қай бағытқа кеткені әзірге анықталмаған.

Ясминаның үйден бас киімсіз шыққаны белгілі. Оның жанында ұялы телефоны болғанымен, қазіргі уақытта SIM-карта нөмірі мен құрылғының IMEI-кодын анықтау мүмкін болмай отыр.

Іздеу тобы Алматы – Бішкек тасжолымен 21 шілде күні 23:30 мен 00:00 аралығында өткен жүргізушілерден көліктеріндегі бейнетіркегіш жазбаларын тексеруді сұрайды. Әсіресе «Бамбарбия Кергуду» ресто-бары мен «Долан» аялдамасы маңынан қала бағытына қарай өткен азаматтардың көмегі маңызды екенін айтады.

Ясминаны көрген немесе оның қайда болуы мүмкін екені туралы қандай да бір мәлімет білетіндерден төмендегі нөмірлерге хабарласу сұралады:

+7 701 375 92 91

+7 705 105 31 31

Сондай-ақ WhatsApp арқылы хабарлама жіберуге, LIDER.KZ Instagram парақшасының директіне жазуға немесе 102 нөміріне хабарласуға болады.