Қазақстандық оқушылар халықаралық лингвистика олимпиадасында тарихи жетістікке жетті

Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Жас дарындар бірнеше жүлдені жеңіп алды.

Қазақстан құрамасының төрт мүшесі де жоғары нәтиже көрсетіп, бір қола медаль мен үш Құрмет грамотасын жеңіп алды.

Қола медаль иегері:

  • Шыңғыс Қарасаев – Орал қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы NIS-тің 12-сынып оқушысы.

Құрмет грамотасының иегерлері:

  • Рамазан Бұтантаев – Маңғыстау облысы Ақтау қалалық білім бөлімінің мамандандырылған ІТ-лицейінің 11-сынып оқушысы;
  • Аслан Әжібаев – Павлодар қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы NIS-тің 12-сынып оқушысы;
  • Кирилл Тургумбаев – Қостанай облысы Жітіқара ауданы білім бөлімінің Абай атындағы мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы.

Осылайша, Қазақстан құрамасының Халықаралық лингвистика олимпиадасына қатысу тарихында алғаш рет команданың барлық мүшесі жүлдеге ие болды.

Құраманы Ягеллон университетінің студенті Дана Еркінқызы Оспанова бастап барды.

Олимпиадалық лингвистика – елімізде енді ғана қарқын алып келе жатқан жаңа бағыттардың бірі. Бұл нәтиже қазақстандық оқушылардың осы саладағы әлеуетінің жоғары екенін көрсетті.