Құтқарушылар азаматты судан шығарып, жағаға жеткізді.
Абай облысының Мақаншы ауданындағы Алакөл көлінде Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары суға батып бара жатқан ер адамды аман алып қалды.
Оқиға көл акваториясын патрульдеу кезінде болған. ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жағалаудан шамамен сегіз метр қашықтықта суға батып бара жатқан ер адамды байқап, дереу көмекке ұмтылды.
Құтқарушылар азаматты судан шығарып, жағаға жеткізді. Кейін ол тексеру үшін жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.
Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды су айдындарында демалу кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға, өз мүмкіндіктерін дұрыс бағалауға және тек арнайы жабдықталған әрі рұқсат етілген орындарда ғана шомылуға шақырды.