WBO Жәнібек Әлімханұлына қатысты маңызды шешім қабылдады

Фото: aiqyn

Жәнібек Әлімханұлы WBO рейтингінде бірден екінші орынға көтерілді

Дүниежүзілік бокс ұйымы жаңартылған рейтингін жариялады.

Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы WBO чемпиондық белбеуінен бас тартып, жаңа салмақ дәрежесіне ауысқаннан кейін рейтингтің екінші орнына жайғасты.

Бірінші орында мексикалық Сауль «Канело» Альварес тұр. Ал осы салмақтағы WBO тұжырымы бойынша қазіргі әлем чемпионы — британиялық Хамза Шираз.

Жәнібек Әлімханұлы 2026 жылғы 21 шілдеде орта салмақтағы WBO титулынан өз еркімен бас тартып, суперорта салмаққа өтетінін мәлімдеген еді.