Қаржылық мониторинг агенттігі медициналық ұйымдардың 140 мыңға жуық азаматты жалған тіркеп, көрсетілмеген қызметтер үшін МӘМС қорынан заңсыз қаржы алған схемаларын анықтады. Қазіргі уақытта 36 қылмыстық іс тергеліп жатыр.
Ведомствоның алдын ала есебі бойынша мемлекетке келтірілген шығын 3,5 млрд теңгеден асады. Мәселен, Түркістан облысында Жетісай көпсалалы аудандық ауруханасының лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.
Тергеу мәліметіне сәйкес, МӘМС аясында бөлінген қаражат іс жүзінде ешқандай қызмет көрсетпеген әрі тауар жеткізбеген 20-дан астам жеке кәсіпкердің есепшоттарына аударылған.