Алакөл көліндегі шағын көлемді кемелерді бақылау және қадағалау күшейтілді

фото: ТЖМ

Алакөл көлінде ТЖМ қызметкерлері шағын көлемді кемелерді пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталуына бақылауды күшейтті.

ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің төрағасы азаматтық қорғау полковнигі Серік Жүнісбековтың басшылығымен шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалануды бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Жетісу облысы ТЖД лауазымды тұлғаларымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалануды бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын практикалық көмек көрсетілді.