Атырауда ер адам азаматтық некедегі әйелін бірнеше жерден пышақтап тастаған. Жантүршігерлік оқиға 3 жасар қызының көзінше болыпты. Туыстары жан-жарын жан тәсілім еткен күйеу бала өмір бойына түрмеге жабылсын деп отыр.
43 жастағы марқұмның анасы мен туыстары әлі күнге сене алар емес. Қанды оқиғаны көзімен көріп, жанында болған 3 жасар қызы бәрін айтып беріпті. Анасының қанды денесін көрген 16 жастағы үлкен қызы да ес жия алмай жүр. Қайғылы отбасы күйеу баласы алдын-ала дайындалып, әдейі жасады деген ойда. Айтуларынша, 28 жерден пышақтап тастаған.
ДАРИЯ ӨТЕЛБАЕВА, МАРҚҰМНЫҢ ТУЫСЫ:
28 жерден пышақтап өлтірген. Қинап өлтірген. Қорлық көрген көрініп тұр. Бала жасады деп те ойлаған жоқпыз. Ұсталғанда мойнына алды дегенде барып сендік.+ Өзінің қолымен жасағанын мойынмен көтерсін. Өмір бақилыққа сотталуын талап етеміз біздер.
Туыстары марқұмды өте ақжарқын, еңбекқор болғанын айтады. Бірақ, соңғы кезде әлеуметтік желіде жан қиналысымен бөлісіп жүріпті. Онысын туыстары көрмедік,- деп отыр. Отбасында бұған дейін де бірнеше рет жанжал болып, полиция шақырған. Ал сол күні қанды қылмыс кіші қызының көзінше болған. Сол түні бүлдіршін анасының жансыз денесінің жанында жатқан.
ФАТИМА ШМИРОВА, МАРҚҰМНЫҢ АНАСЫ:
Не болды десе, папа мамаға пышақ тықты деп солай айтады, былай тықты , былай соқты деп көрсетіп берген бәрін айтып берген. Не болды бәрн айтып беріп тұр кішкентай қыз есінен кетпеййді көз алдында тұрған сияқты. Маманың қасына жаттым мен деп тұр ғо, тұр деп айттым мамаға деп. Аяғынан ұстадым, иығынан ұстадым тұрмайды деп.
Әйелін аяусыз өлтіріп қашып кеткен 38 жастағы ер адамды полиция бірнеше күннен соң ұстады. Қазір тергеу абақтысында.
МЕЙІРІМ ЕРДӘУЛЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Тұрмыстық жанжал кезінде азаматтық некедегі әйелін өлтірді деген күдікпен 38 жастағы ер адам ұсталып, қамауға алынды. Адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалып, кешенді тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.
Марқұмның артында төрт қызы қалды. Туыстары оларғапсихологтың көмегі керек,- дейді.