Алматыда кәмелетке толмаған қыз есірткі таратты деген күдікпен ұсталды

  • AstanaTV
  • 03 тамыз 2026

Медеу ауданында полиция қызметкерлері ішінде  жасөспірім үш қыз отырған таксиді тоқтатқан. Жедел мәліметтерге сәйкес, олардың бірі есірткіні жасырын орындарға қалдыру арқылы таратумен айналысқан. Тінту кезінде күдіктіден көптеген түйіншек тәркіленіп, ішінен өсімдік тектес заттар мен алдын ала мәлімет бойынша кристалл түріндегі синтетикалық есірткі табылған. Қалған екі қыздың әрекетке қатысы бар-жоғы анықталуда.

САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Қазіргі уақытта полицейлер жасөспірімді қылмыстық әрекетке кімнің тартқанын, есірткінің жеткізу арнасын және заңсыз схеманы ұйымдастырушыларды анықтап жатыр. Сонымен қатар кәмелетке толмаған қыздың мұндай жолға түсуіне не себеп болғаны, ата-анасының бақылауы мен тәрбиесіне қатысты жағдайлар жан жақты зерделенуде.