Биыл елде аптап ыстық салдарынан 26 адам көз жұмған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен төрт есе көп. Соңғы айларда жедел жәрдемге жүгінген 30 мың адамның 2700-іне күн өту, ағзаның қызып кетуі және сусыздану белгілеріне байланысты көмек көрсетілсе, 200-ге жуық адам ауруханаға жатқызылған. Ал Орталық Азиядағы климаттың өзгеруі және жасыл энергетика жөніндегі жобалық кеңсе өңірдегі ауа температурасы әлемдік орташа көрсеткіштен екі есе жылдам өсіп жатқанын мәлімдеді.