«Әділет» партиясының сайлауалды штабының жұмысы Ақтөбеде жалғасты

  • AstanaTV
  • 03 тамыз 2026

«Әділет» партиясының сайлауалды штабының жұмысы Ақтөбеде жалғасты. Бұған дейін штаб мүшелері  6 облыста болып, тұрғындармен кездесулер өткізген. Ақтөбедегі алғашқы жиын- республикалық әйелдер форумы. Шараға еліміздің әр өңірінен мыңнан астам қыз-келіншек жиналды. Партия өкілдері көпшілікке алдағы 5 жылға арналған саяси бағдарламасын таныстырды.  Партия бағдарламасында ел дамуының он негізгі бағыты айқындалған. Бұл  бағыттарды жүзеге асыру үшін 7 негізгі мақсат белгіленген. Азық-түлік пен энергия қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ауыл тұрғындарының мәселесін шешу, жаңа жұмыс орындарын ашу және азаматтарды заманауи мамандықтарға даярлау көзделген. Сондай-ақ алдағы бес жылда бес миллионнан астам адамды жасанды интеллект құралдарына оқыту жоспарда бар.

ШОЛПАН КАРИНОВА, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНАН ДЕПУТАТТЫҚҚА КАНДИДАТ:

Әрбір қазақстандыққа 30 шаршы метрге дейін тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі, екінші кезекте халықтың өмір жасының ұзақтығын 77 жасқа ұлғайту, үшіншіден елімізде осы алдағы 5 жылдықта 1 млн-нан артық жұмыс істеймін дейтін адамдарға жұмыс, сапалы жұмыс орындарын ашу, лайықты еңбек ақы төлеу мәселесін көтеретін боламыз. Сонымен бірге Қазақстандағы бизнестің экономикадағы үлесін 20 пайызға дейін жеткіземіз деп жоспарлап отырмыз.