«Ақ жол» партиясы: кандидаттар еңбек ұжымдарымен кездесті

  • AstanaTV
  • 03 тамыз 2026

«Ақ жол» демократиялық партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар Жамбыл облысына барды. Партия өкілдерінің өңірдегі сайлауалды үгіт-насихат науқаны Меркі ауданынан басталды. Алғашқы жүздесу 70 жылдық тарихы бар «Меркі» шипажайында өтті. Еркін форматтағы басқосуға өңір кәсіпкерлері, аудан тұрғындары қатысты. Жиналған қауымға саяси ұйымның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Сондай-ақ, дәл осындай жиын «Меркі қант зауытында» да болды. Онда отандық өндіріс пен бизнесті қолдау, тауар өндірушілерге барынша қолайлы жағдай жасау мәселесі сөз болды.

ДАНИЯ ЕСПАЕВА, «АҚ ЖОЛ»ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Ең бірінші біздің мақсатымыз әрбір ұжыммен кездесуде міндетті түрде бүгінгі күнде халықты қандай мәселелер толғандырады, соны талқылап сонымен қатар, өзіміздің «Ақ жол» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстыру. Халықтың көтеріп отырған көптеген сұрақтары: несиге байланысты.