Қарағанды облысында қылмыстық топ ауылдастырының малын ұрлап, Астанаға апарып сатқан

фото скрин

Қарағанды облысының Нұра ауданында бірнеше ай бойы ауылдастарының малын ұрлап келген қылмыстық топ ұсталды. Күдіктілердің наурыз айынан бері 38 бас малды қолды еткені анықталып, ұрланған малдың бір бөлігі иелеріне қайтарылды.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, күдіктілер наурыз айынан бері 14 ірі қара мен 24 қойды қолды еткен.

Полицейлер күдіктілерді ұстап, ұрланған малдың бір бөлігін (7 сиыр, 3 қой) иелеріне қайтарды. Қалған мал Астана мен Ақмола облысында сатылып кеткені белгілі болды.

«Уақытша ұстау изоляторына қамалған азаматтар кінәсін толық мойындады. Сондай-ақ олардың басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы тексерілуде. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр», – делінген ПД хабарламасында.