Нұрай Серікбай ісі: қолхат пен видеоға қатысты мәлімдемелер айтылды

Шымкентте Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сотта бір-біріне қайшы мәлімдемелер айтылды. Бұрынғы тергеуші Нұрайдың өз еркімен келгенін айтып, ешқандай шағым түсірмегенін жеткізді. Оның сөзінше, кейін дау туындамас үшін қыздың жауабы видеоға түсірілген. Ал айыпталушының әкесі Нұрайдың келісімімен қолхат жаздырғанын, кейін сол қолхатпен қыздың туыстарына хабаршы жібергенін айтты. Алайда "Қыз өз еркімен келген болса, не үшін қолхат қажет болды?" деген сауалға жауап бере алмады. Сотта бұған қоса айыпталушының өзіне қол жұмсауға әрекеттенгені айтылды. Бірақ әкесі оның себебін білмейтінін мәлімдеді.

ӘЛМАХАН МАКЕНОВ, АЙЫПТАЛУШЫНЫҢ ӘКЕСІ:

Даладан кіріп келе жатқанда как раз жуынып-шайынуға бара жатқан кезде холда топырлап келіндер тұрған, кірдім қыз қайда деп едім, бір келін мойнымнан бұрған, қарасам сол шетімде тұрған екен. Қарасам әлі көз алдымнан кетпейді, маған күліп қарап тұр. Сондай жарқын көңілмен.

-Өз еркімен келсе, не себепті жазбаша қолхат жаздырдыңыз? Логика қайда?

-Мейлі сұрағыңызға жауап берейін. Біз енді қыздың көңілін, рұқсатын алуымыз керек шағар.