Қарғысты қайтарамыз деп зейнеткерді алдаған алаяқтар ұсталды

«Қарғысты қайтарамыз». Қарағандыда өздерін емші әрі балгер деп таныстырған үш әйел 78 жастағы зейнеткерді 15 млн теңгеге алдап кетті. Күдіктілер қарияны психологиялық қысыммен қорқытып, барлық алтын бұйымдары мен ақшасын өз еркімен беруге көндірген.

Көшеде қарияны көріп қалған алаяқтар алдымен стоматологияға апаратын жол сұрап, кейін әңгімеге тартып сеніміне кірген соң «жақын адамыңыз салан ескі қарғыс бар, оны қайтармасаңыз қымбат адамыңызға қауіп төнеді» деп қорқытқан. Үйінде түрлі ырым- жоралғылар жасап, соңында барлық алтын бұйымдары мен ақшасын газетке орап беруді талап етеді. Оның орнына байқатпай мөрленген түйіншек ұстатып, 40 күннен кейін ғана ашуды тапсырған. Зейнеткер 40 күнен кейін түйіншекті ашса ішінде қағаз қиындылары ғана бар екен. Полицейлер күдіктілерді қолға түсірді. Қазір олардың осыған ұқсас өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.