Су тасқыны мен құрғақшылықты ерте анықтайтын орталық құрылады

Су тасқыны мен құрғақшылықты ерте анықтап, халыққа ескерту жіберетін жүйе әзірленеді. Инвесторлардың көмегімен құрылатын инновациялық орталықтың құны – 1,5 млн доллар. Салалық министрлік жобаны алдағы 3 жыл ішінде жүзеге асырмақ. Келісімге Астанада өткен су секторын үйлестірудің III кеңесінде қол қойылды. Жиын барысында 50-ден аса елдің сарапшылар бірлесіп, су саласы бойынша 2030 жылға дейінгі кешенді жоспарды қайта пысықтады. Әсіресе, суды үнемдеу, инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жасанды интеллектің жаңашылдығы терең талқыланды.

ҚАЙРАТҒАЛИ ХАЙРУЛЛА, «СУ РЕСУРСТАРЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТАЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» КЕАҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Су ресурстары ұлттық ақпараттық» жүйесі құрылды. Осы бір айдың ішінде өндірістік қолданысқа беріледі. Оның ішінде өте көп ақпарат бар. 17 мың өзен бойынша ақпарат, гидротехникалық құрылысжайлар бар. Көлдер туралы  ақпарат бар. Соның барлығын жүйелі түрде қолдану үшін бізге жасанды интеллектің қажеттілігі туындап отыр. Біздің қазіргі айтып отырғанымыз – шетелдегі озық технологияларды Қазақстанға алып келу.