«Әділет» партиясының республикалық штабы Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Олар Орал қаласындағы кәсіпорындарды аралап, тұрғындармен кездесті. Саясаткерлермен бетпе-бет жолыққан жұртшылық өздерін алаңдатқан мәселелерді ортаға салды. Әсіресе, өңірді дамыту, энергетика жүйесін жаңғырту, халықты сапалы баспанамен және жұмыс орындарымен қамту мәселелері сөз болды. Партия өкілдері азаматтардың өзекті сұрақтарына нақты жауап беріп, алдағы 5 жылға жоспарлаған бағдарламаларын түсіндірді.
АЙДОС САРЫМ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНАН ДЕПУТАТТЫҚҚА КАНДИДАТ:
Энергетика саласын түгелдей жаңалайын деп жатырмыз. Қала-қаладағы, облыс-облыстағы жылу орталықтары бар. Электр жүйесі бар. Ескіргені бар. Ауылда тозғаны бар. Осының бәрін жаңарту – алдағы 5 жылдықтың үлкен міндеті. Оған 13 трлн теңге ақша бөлінейін деп жатыр.