«Ақ жол» партиясының өкілдері еңбек ұжымымен кездесті

  • AstanaTV
  • 04 тамыз 2026

«Ақ жол» партиясының кандидаттары Жамбыл облысындағы үгіт-насихаттың екінші күнінде былғары мен аяқ киім өндіретін зауытқа барды. Өндіріс орнын аралап, еңбек ұжымымен кездесті. Кездесу барысында Құрылтай сайлауының маңызы түсіндіріліп, саяси ұйымның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Жиын барысында өндірісті дамыту, кәсіпкерлікті қолдау және еңбек адамының мәртебесін арттыру мәселелері көтерілді. Дәл осындай шара Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасында жалғасты. Медицина қызметкерлер саладағы өзекті мәселелерді көтеріп, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарын айтты.

ДАНИЯ ЕСПАЕВА, «АҚ ЖОЛ» ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қазір міне осы “ТаразКожОбувь” керемет 65 жылдық тарихы бар өндіріс. Бірақ бүгінгі күні 25 пайыз дейін жұмыс істеп тұр. 100 пайыз жұмыс атқаруы үшін кедергілер бар.Сол кедергілерді шешу үшін біз өзіміз болашақта заң бойынша шешімдер табуымыз керек.