Қостанайдың саябақтарында супер қахарман пайда болды

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия өкілдері еңбек ұжымдарымен де кездесті. Ақмола облысында депутаттыққа кандидаттар Сандықтау ауданындағы орталық кітапханада болып, қызметкерлермен мәдениет және білім саласы жұмыскерлерінің еңбек жағдайын талқылады. Кітапханашылар мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету, жалақыны көтеру, ауылдағы инфрақұрылымды дамыту мәселелерін көтерді. Ал Қостанайдың саябақтарында супер қахарман пайда болды. Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның  өкілі осындай кейіпке еніп, тұрғындарға үгіт-насихат материалдарын таратты. Белсенді партияның сайлауалды бағдарламасы туралы айтып берді. Промоакция барысында коалиция өкілдері ондаған қоғамдық орындарда болып, жұртшылықпен жүздесті.

ЕРБОЛ АХАНОВ, ЖСДП ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ӨКІЛІ:

Акцияның ерекшелігі неде десеңіз, қала көшлереніне біздің социал-демократ суперқахарманы шығып біздің партияның ақпараттық парақшаларын таратып, біздің жетістіктермен таныстыру. Яғни, жаңа парламент, жаңа суперқахарман қажет біздің ерімізге. тұрғындарды біздің атқарған жұмыстармен таныстырудамыз. Тұрғындардың қабылдауы өте жақсы негізі.