"Respublica" партиясының мүшелері еңбек ұжымдары және жастармен кездесті

"Respublica" партиясысың өкілдері Түркістандағы бірнеше кәсіпорында болды. Алдымен тоқыма өнеркәсіптік кешенінің, одан кейін өндірістік аймақтағы кәсіпорын жұмысшыларымен кездесті. Еңбек ұжымдарына партияның сайлауалды бағдарламасындағы негізгі басымдықтар таныстырылды. Өндірісті дамыту, кәсіпкерлікті қолдау және еңбек адамының мәртебесін көтеру мәселелері талқыланды. Партияның сайлауалды штабының мүшелері «Ақжайық» музыка мектебінің ұжымымен кездесуде қосымша білім беру жүйесін дамыту, жастарды қолдау жайында пікір алмасты. Ал мерзімді әскери қызметін өтеген жастардың тегін білім алуы, студенттерді жатақханамен қамту мәселесі - "Фараб" кітапханасындағы жастармен кездесудің басты тақырыбына айналды. Вейптерге толық тыйым салу, лудоманияға қарсы заңнаманы күшейтуге ерекше назар аударылды.

ОЛЖАС ҚҰСПЕКОВ, "RESPUBLICA" ПАРТИЯСЫ АТЫНАН ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ:

Өзіміз негізі жастар партиясымыз барлығымыз. Жастардың көп сұрақтары, қызығатындай ұсыныстары бар екен. Жастар кәсіпкерлігі бар, жастардың жатақханасы бар, жастардың тәжірибеден өтуі, жұмысқа орналасуы барлық сұрақтар - ол осы күнге дейін де болған нәрселер.