Сабыржан асаба 33 жыл мал баққан қарияға жылқы сыйлады
Бұл туралы ол әлеуметтік желіде мәлімдеді.
“Аз да болса көптей көріңіз Атау.
Жақын арада жеткізіп беремін бұйыртса. Бәріміз пендеміз ғой, періште көкте ғана.
Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын, Қазақ елім. Қатемді кешіріңіздер”, - деді ол.
Айта кетейік, Сабыржан асаба соңғы күндері қызу талқыланып жатыр.
Өзін «халал асаба» ретінде таныстыратын танымал асаба Сабыржан Түзелбаев соңғы күндері әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті. Бұған тойлардың бірінде айтқан әзілдері мен қонақтарға қарата сөйлеген сөздері себеп болды.
Желіде тараған бейнежазбаларда асабаның той қонақтарының мамандықтарына қатысты қалжыңдары көпшіліктің сынына ұшырады. Атап айтқанда, ол өрт сөндірушіге «Өрттің көп болсын» деп әзілдесе, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі туралы да мысқыл сөз айтқан. Сондай-ақ базарда қауын-қарбыз сататынын айтқан қонаққа қатысты әзілдері де әлеуметтік желі қолданушылары арасында наразылық туғызды. Көпшілік мұндай сөздер адамның еңбегі мен кәсібін келемеждеуге жататынын айтып, асабаның әрекетін сынға алды.