Тойда әйелдерге тіл тигізген түркістандық тұрғын ұсталды

  • AstanaTV
  • 05 тамыз 2026

Тойда уағыз айтып, басы дауға қалған 66 жастағы тұрғын қамауға алынды. Түркістандық тұрғынның үстінен үш бірдей баппен іс қозғалды. Оның ән мен өнерді «шайтанның амалына», ал әйел затын «ұрғашыға» теңеген сөзі желіні дүр сілкіндірген болатын.

НАЗЕРКЕ АЛТЫНБЕК, ТІЛШІ:

Қазақтың тойы ақ тілек пен ағайынның қауышатын орны деуші едік. Танымал болып жатқан мына видеодан микрофон ұстаған ақсақалдың той төрінде, ақ тілектің орнына,

Міне осылай айтып жатқанын көруге болады. Тосын «тілек» әлеуметтік желіде үлкен дау туғызды.

БЛИЦ:

- Дұрыс. Қоғамды адастырып, жастардың санасын улап жүрген қисық уағызшыларды заң бойынша жауапкершілікке тартатын уақыт келді.

- Заңды түрде айыптау керек. келесі тойда үндемейді, тойға бармайды онда алауыз адамдар. Басқа бәле тілдн екенін ұғынсын

- Мемлекет осындай ұлттың қадір-қасиеті мен болмыс-бітімін мансұқ еткісі келетіндерді арам шөпті жұлғандай түп-тамырымен жойып тастауы керек!

Тойдағы асабаның орнын басуға тырысқан азаматтың бұл әрекеті жауапсыз қалмады. Заңда адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлауға, діни, әлеуметтік немесе өзге де белгілері бойынша кемсітуге бағытталған кез келген жария үндеуге, сондай-ақ, қоғамдық келісім мен бірлікке нұқсан келтіруі мүмкін әрекеттерге жол берілмейді.

ҚР ІІМ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Полиция бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазақстанның Конституциясы әрбір азаматтың жынысына, тегіне, әлеуметтік жағдайына, дінге көзқарасына және өзге де мән-жайларға қарамастан құқығы мен бостандығының теңдігін қамтамасыз етеді.

Шариғат шегінен шықпаймыз деп жүріп, өздері шариғаттың басты шарты  өзгені құрметтеу қағидасын ұмытқандарға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да жауап берді. Теологтар аналарымыз бен қыздарымызды кемсітіп, өнерді толығымен харамға шығаруды сауатсыздық деп бағалады.

ЕЛБЕК ТАСБОЛАТҰЛЫ, ҚМДБ ШАРИҒАТ ЖӘНЕ ПӘТУА БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ:

Ислам діні даналықпен насихат айтуға, өзгелерді ауыр сөзбен айыптамауға, біреудің ар-намысына құрметпен қарауға үндейді. Сондықтан қандай да діни мәселеге қатысты өнер өкілдерін жалпылама айыптау немесе оларға ауыр сипаттамалар беру дұрыс емес.

Тойдың даңғазалығын сынға аламын деп, өзі атышулы кейіпкерге айналған Түркістан облысының тұрғыны қазір уақытша ұстау изоляторында отыр.