«Әділет» партиясының сайлауалды штабы қызылордалықтармен кездесті

«Әділет» партиясының сайлауалды штабы қызылордалықтармен кездесті. Құрылтай депутаттығына кандидаттар жаңадан бой көтерген бу-газ жылу электр орталығына барды. Онда сала мамандарымен және ардагерлермен жүздесті. Басқосуда қолданыстағы инфрақұрылымды тиімді жаңарту мәселесі талқыланды. Ол электр энергиясының тапшылығын азайтып, мемлекет қаржысын ұтымды жұмсауға мүмкіндік береді дейді мамандар. Партияның Республикалық және облыстық сайлауалды штаб мүшелері одан әрі «Өнер орталығына» барды. Іс-шараға зиялы қауым өкілдері мен ұстаздар, дәрігерлер, ғалымдар мен мәдениет саласы қызметкерлері қатысты. Жиналғандар түйткілді мәселелерді ортаға салынып, ашық пікір алмасты. Штаб мүшелері партия бағдарламасындағы негізгі басымдықтарға тоқталып, жоспарлармен бөлісті.

ҮНЗИЛА ШАПАҚ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНАН ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ:

«Әділет» партиясының бағдарламасының бір ерекшелігі ол электронды түрде барлығына қолжетімді. Және сонымен қатар партияның сайтында нақты бағдарламада көрсетілген көрсеткіштердің орындалу бақылау тетігі онлайн жүргізіліп тұратын болады. Сонымен бірге «Әділет» партиясының жаңа платфорамасы бар. Сол платформаға да азаматтардан көп ұсыныстар келіп түсіп жатыр.