"Байтақ" партиясының өкілдері Алматы ауыр машина жасау зауытының ұжымымен кездесті. Бүгінде 85 жылдық тарихы бар кәсіпорында 350-ге жуық адам еңбек етеді. Кездесу барысында партия өкілдері өздерінің сайлауалды бағдарламасын таныстырып, жұмыстың негізгі басымдықтарын саралады. Сондай-ақ, ұжым тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Ашық диaлогтың басты тақырыбы - экологиялық жағдайды жақсарту мен табиғатты қорғау ғана емес, сонымен бірге отандық өндірісті дамыту және келешек ұрпаққа қамқорлық жасау болды. Партия өкілдері мұндай тікелей кездесулер елді толғандырған өзекті мәселелерді халықтың өзінен естуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
ВЛАДИМИР МАРТЕЛЬ, "БАЙТАҚ" ЖАСЫЛДАР ПАРТИЯСЫНАН ДЕПУТАТТЫҚҚА КАНДИДАТ:
Бүгін біз Алматы қаласының күн тәртібіндегі маңызды мәселе - таза ауа жайын талқыладық. Сонымен қатар Атом электр станциясының құрылысы мен Қазақстан үшін таза энергия өндірудің қажеттілігі төңірегінде сөз қозғадық.