Ақтөбе қаласының Алматы ауданында, Әйтеке би көшесінде орналасқан үш қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатындағы дөнерханада өрт шықты.
Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жетті. Барлау барысында қоғамдық тамақтану нысанының үй-жайында өрт шыққаны анықталды. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құтқарушылар адамдарды баспалдақ арқылы жедел эвакуациялады.
Құтқарушылардың кәсіби әрі үйлесімді іс-қимылының арқасында өрт шағын аумақта жедел сөндірілді. Түтін басқан аймақтан 14 адам, оның ішінде 6 бала эвакуацияланды.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.