Ақмола облысында 2 млрд теңге заңсыз несие рәсімдеген қылмыстық топ ұсталды

Фото: freepik.com

Ақмола облысының прокурорлары шамамен 2 млрд теңге көлемінде заңсыз несие рәсімдеген ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты.

Тергеу барысында қылмыстық топтың 21 мүшесі азаматтардың жеке деректерін заңсыз пайдаланып, алдау жолымен екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдарынан заңсыз несие рәсімдегені анықталған. Бұл туралы Ақмола облысының прокуратурасы мәлімдеді.

Ақмола облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2026 жылғы 5 тамыздағы үкімімен барлық 21 сотталушы кінәлі деп танылып, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімдерге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

 Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.