100 млн теңгеден астам алаяқтық жасады деген күдікті Қазақстанға экстрадицияланды

фото: t.me/GenPr

Бас прокуратура мен ІІМ Интерпол қызметкерлері Грузиядан Қазақстан азаматын елге жеткізді.

Тергеу мәліметінше, ол 2021–2022 жылдары Атырауда Кипрден пәтер алып беруге көмектесемін деп, азаматшадан 100 млн теңгеден астам қаражат алған. Қылмыстан кейін бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланған күдікті 2026 жылғы маусымда Грузияда ұсталды.

Қазір ол қамауға алынды. Кінәсі дәлелденсе, оған 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы қолданылуы мүмкін.