Павлодарда жасөпірімдер төбелесіп, біреуі ауруханаға түсті. Сұмдық оқиға түнгі уақытта болған. Жарақат алған оқушы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Кәмелет жасына толмағандар не үшін жаға жыртысқаны әзірге белгісіз. Полиция төбелеске қатысқан барлық жасөпірімдер мен куәгерлерді ата-аналарымен бірге полиция бөлімшесіне жеткізді.
ЖАННА БІЛӘЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Полиция кез келген заңға қайшы әрекет қылмыстық жауапгершілікке әкелетінін ескертеді.