Атырауда ойын алаңынан келе жатқан қыз балаға тиіскен тұрғын іздестіріліп жатыр

Атырауда ойын алаңынан келе жатқан қыз балаға тиіскен тұрғын іздестіріліп жатыр. Ата-анасы ауыл ішіндегі бірде бір бейнекамераның көмектеспегеніне наразы. Оқиға қала маңындағы Еркінқала ауылында осыдан 4 күн бұрын болған. Белгісіз біреу үйіне қайтып келе жатқан 12 жастағы қыз баланы ұстап апып, қараңғы жерге сүйреген. Егер ішімдік алып берсең, тиіспеймін деп дүкенге қарай еріткен. Орта жолда  құшақтап ерінінен сүюге оқталған сәтте жасөспірім оқыс шашынан тартып қашып кетіпті. Ата-анасы дереу полицияға хабар беріп, іздеуге көшкен. Сөйтсе, ауыл ішінде самсап тұрған бірде бір бейнекамера істемейді екен. Тек сол маңдағы бір үйдің бейнебақылау камерасына сұлбасы түсіп қалған. Оқиғаға қатысты полиция  қылмыстық іс қозғаған.

АЗАМАТ ҚАМИЕВ, ӘКЕСІ:

РОВДға барған кезде камера жасамайды бізде деді. Мен айттым қазір болып тұрған жағдай ғой дер кезінде қолға алайық бригада қайда.  Шығайық, іздейік, біз қосылайық.  Еріп жүрейік ішкен адам жүреді ғой анда-мында деп.  Жоқ бізде жалғыз құрам бір бригада ол қылмысқа кетіп қалды.  Арыз тастап кетіңіз ертең қаралады деді.