Павлодар облысында 9 ауылда ұялы байланыс жоқ. Олар өркениет атаулыдан ада қалған. Себебі, халық саны аз болғандықтан, байланыс компаниялары ұялы байланыс желілерін орнатуға құлықсыздық танытыпты. Оның үстіне кейбір байланыс компаниялары тиісті міндеттемелерін орындамаған. Соның кесірінен тағы 2 ауыл байланыссыз қалды.
ЕРДОС ЖҮСІПОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Май ауданындағы Саты және Успен ауданындағы Таволжан ауылдарын сапалы ұялы байланыспен қамтамасыз ету жөніндегі лицензиялық міндеттемелерін орындамаған. Осы мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникациялар комитетіне тиісті шаралар қабылдау туралы ұсыныс жолданды.