Құрылтай сайлауы алдында Астанада дауыс беру учаскелерінің дайындығы тексерілді. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өз таңдауын жасауына еш кедергі болмауы тиіс. Мониторингке орталық және аумақтық сайлау комиссиясының өкілдері, қоғамдық бірлестік мүшелері қатысты. Олар нысандардың қолжетімділігін бағалап, кем-кетік олқылықтар бойынша ұсынымдар әзірледі. Комиссия өкілдері көптеген сайлау учаскелеріне ортақ бірнеше қателіктерді анықтады.
ЖАҢАГҮЛ ДИЛЬЖАНОВА, МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ КЕҢЕСШІСІ:
Бұл учаскеге кірген кезде пандустың уклоны 9 градус болып тұр. Негізінде заң бойынша 5-ке дейін болу керек. Сондықтан қазір өзгерістерді енгізу туралы жұмыстар жүргізіледі деп бізге айтылды. Және кресло, коляскалармен жүретін адамдарға, көзі нашар көретін адамдарға және құлағы нашар еститін адамдарға осында қандай жағдай жасалынған. Әр адам өзінің құқығы бойынша осындай сайлауға келіп, дауыс беруіне құқығы бар.