Бас прокуратура сайлауға қатысты ҚР «Прокуратура туралы» заңының бабтарына сәйкес үндеу жариялады. Бақылаушы органның ресми сайтында электоралды науқанның барысы мен үгіт-насихат жұмыстарының шарт-талаптары түсіндірілген.
«Конституциялық заңның 27-бабының 3-тармағына сәйкес сайлау алдындағы үгiт бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, баспа, дыбыс-бейне және өзге де үгiт материалдарын шығару және (немесе) тарату жолымен жүзеге асырылады. Сайлау алдындағы үгiт заңнамада белгiленген тәртiппен және Конституциялық заңда тыйым салынбаған сайлау алдындағы жария iс-шаралар (сайлаушылармен жиналыстар және кездесулер, жария пікір таластар мен пiкiр алысулар, митингiлер, шерулер, демонстрациялар және өзге де жария іс-шаралар) арқылы да жүзеге асырылуы мүмкін».
Азамат АЛДОҢҒАРОВ