Семейде TikTok желісінде заң талаптарын бұзған тұрғын жауапкершілікке тартылды

Фото: pixabay

Абай облысында полиция TikTok-тағы тікелей эфир барысында әйел адамның балағат сөздер айтып, орынсыз мінез-құлық көрсеткенін анықтады.

Тексеру нәтижесінде оның Семей қаласының 53 жастағы тұрғыны Жанат Әбеуова екені белгілі болды.

Соттың шешімі бойынша әйелге әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін айыппұл түріндегі жаза қолданылды.

Полиция интернетте жасалған құқық бұзушылықтар да заң бойынша қаралатынын және мұндай заңсыз әрекеттерді анықтау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын еске салды.