Ақтауда балкон арқылы үйіне кірмек болған азамат 12-қабаттан құлап, көз жұмды

  • AstanaTV
  • 07 тамыз 2026

Ақтауда балкон арқылы үйіне кірмек болған 42 жастағы азамат 12-қабаттан құлап көз жұмды. Бейресми дерекке сәйкес, көз жұмған азамат бұған дейін Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының бас прокуроры қызметін атқарған. Ол 2025 жылы зейнетке шыққан. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында сотқа дейінгі тергеу басталды.

ӘЙГЕРІМ ИБАТУЛЛАЕВА, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Ер адам балкон арқылы пәтерге кірмек болып, биіктіктен құлап кетті. Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.