Атырауда сот квазимемлекеттік сектордың топ менеджерлерін алаяқтық үшін соттады

Атырауда сот квазимемлекеттік сектордың топ менеджерлерін алаяқтық үшін соттады. Оларға «Астрахань – Маңғышлақ» магистралды су құбырын реконструкциялау кезіндегі ірі көлемдегі қаражатты жымқырды деген айып тағылды.  Яғни 6 миллиард теңгеден астам қаржыға қол салғаны белгілі болған. Сотта белгілі болғандай, жобаны жүзеге асыру кезінде материалдардың бағасы асыра көрсетілген. Жобалық-сметалық құжаттамада құбырлардың бір бағасы көрсетілгенімен, іс жүзінде олар әлдеқайда арзанға сатып алған. «ҚазТрансОйл» ұлттық компаниясының топ-менеджері  Берік Салпекке 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот оның дүние-мүлкі тәркілеп,  мемлекеттік, квазимемлекеттік секторда  өмір-бақи жұмыс істеуге тыйым салды. Ал Асқар Құлтемировке, Аман Маскеновке, Аслан Ищановқа  6 жыл, ал Нұржан Ахановқа 5 жыл жаза кесілді.  Одан өзге сот “Қазмұнайгаз” ҰК азаматтық шағымын ішінара қанағаттандырып, ортақ тәртіппен 6 млрд теңгеден астам қаржы өндіруге шешім етті. Сотталушылардың қолына  сот залында кісен салынды.

НҰРТАС БӨЛЕКБАЕВ, АТЫРАУ ҚАЛАЛЫҚ №2 СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Сот сот тергеуі барысында 12 миллион мөлшеріндегі залал дәлелденбеді деп санайды. Осыған байланысты залал ішінара қанағаттандырылды. 6 миллиард теңгеден астам сомаға талап қою қанағаттандырылды. Бұл заңсыз түзетуге қатысты. Құбырдың түрін заңсыз өзгерту анықталды, осыған байланысты бұл бөлікте талап қою қанағаттандырылды. Бұдан бөлек, сот тергеуі барысында қатыстылығы дәлелденген, мүлiкке салынған тыйымдарды сот ішінара қанағаттандырылды деп санайды: тыйым салынған мүліктің бір бөлігі мемлекет кірісіне өндірілді, бір бөлігі — меншік иелеріне қайтарылды.