Нұрай Серікбай ісі: сотта айыпталушының алғашқы мойындауы мен марқұмның соңғы хаттары жарияланды

Шымкентте Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сот процесінде айыпталушының алғашқы тергеу кезінде берген жауабының ведосы көрсетілді. Онда ол Нұрайға пышақты өзі сұққанын және оқиғадан кейін алғашқы көмек көрсетпей кетіп қалғанын мойындаған. Сот отырысында сондай-ақ марқұм Нұрай Серікбайдың анасына жолдаған соңғы хабарламалары оқылды. Судьяның айтуынша, «Анашым, бәрі менің келісімімсіз болды. Мұны қаламадым» деген жазба мен өзге хат алмасулар жәбірленуші тараптың бұған дейін берген айғақтарын растайды. Айыпталушының алғашқы мойындауы мен марқұмның хаттары соттағы негізгі дәлелдердің қатарында қаралып жатыр. Бұл материалдарға құқықтық бағаны сот барлық дәлелді жан-жақты зерттегеннен кейін үкім шығару кезінде береді.

АЯНХАН ОМАРОВ, ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ АДВОКАТЫ:

Ақ түсті айфон маркалы ұялы телефонымды алып қойып, "мен сені алып қашып келдім, екеуіміз үйленеміз" деп мені еркімнен тыс өзінің үйіне алып келді. Осы бойынша заңды шара қолдануыңызды сұраймын" деп астына Нұрай Серікбайдың өзі қол қойған.