Павлодарда қыз зорлаған 2 жігіт 9 жылға сотталды. Оқиға өткен жылы Усолка өзенінің жағалауында болған. Жағалауға серуендеуге келген жігіттер қызбен танысып, артынша бірге ішімдік ішкен. Кейін жас қызды 2 бірдей жігіт жабылып зорлапты. Сотта екі сотталушы да кінәсін мойындамады. Сот 1 жылға созылды. Ақыры 2 сотталушыны да кінәлі деп танылып, 9 жылға сотталды.
АГИДЕЛЬ ИБРАЕВА. ОБЛЫСТЫҚ СОТТЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Сотталушылар ҚР Қылмыстық кодексінің 120 бабы, 2 бөлімі, 1 тармағы және 121 баптың 2 бөлімі 1 тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын Қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейтін болады. Павлодар облыстық қылмыстық істер жөніндегі соты сотталушылардың аппелациялық шағымын өзгеріссіз қалдырды. Сот үкімі күшіне енді.