Қызылордада заңсыз алтын өндірген қылмыстық топ құрықталды

Қызылордада заңсыз алтын өндіріп, Алматыға сатқан. Қылмыстық топтың жымысқы әрекеті анықталды.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, Жаманкөл шатқалында күрделі өндірістік өңдеуді қажет етпейтін табиғи алтын өндірілген. Топ мүшелерінің міндеттері өзара нақты бөлінген: бірі алтын іздеушілерді тартып, өндіру жұмысын ұйымдастырса, енді бірі тасымалдау мен сатуға жауапты болған. Енді бірі, тасымалдау мен сатуға жауапты болса, тағы бірі қауіпсіздікті қамтамасыз еткен. Мотоцикл мінген адамдар жыбырлаған аң мен ұшқан құсты қалт жібермей, мемлекеттік орган қызметкерлерінің келгенін ескертіп отырған. Тапқан «олжаларын» Алматы қаласына жеткізіп, түскен ақшаны топ мүшелері бөліп алған.

ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:

Тінту барысында құрамында алтыны бар 500 грамнан астам кен, 2 арнайы техника, 12 металл іздегіш және 6 автокөлік тәркіленді. Бұдан бөле, 2 пневматикалық тапанша мен тегіс ұңғылы мылтық табылды. Қазіргі уақытта 13 адам қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәлімет жария етілмейді.