Биыл БҚО-да пойыз 28 рет апаттық жағдайда тоқтатылған

Батыс Қазақстан облысында пойыз 28 рет апаттық жағдайда тоқтатылды. Мамандардың айтуынша, бұған көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер кінәлі. Шойын жолдан өтуге асыққандар мұның қаншалықты қауіпті екенін ескере бермейді. Осындай салғырттықтың кесірінен бір көлік пойызға соғылып, сау тамтығы қалмаған көрінеді. Полициямен бірлескен теміржолшылар енді қауіпсіздікті күшейтуге ден қойып отыр. Өйткені Оралдың ішінде пойыз өтетін бірнеше темір жол өткелі бар. Мұнда түрлі кедергілер орнатылса да, ережені ескерген жөн. Тұрғындарға осы жәйтті түсіндірген мамандар қауіпсіздікті сақтау туралы парақшалар таратты.

БОЛАТБЕК ДУЛАТБАЕВ, ОРАЛ ЛОКОМОТИВ ПАЙДАЛАНУ ДЕПОСЫНЫҢ ӨНДІРІС ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:

Локомотив бригадаларының жедел тежегішті қолдануына 4 мың тонна салмақты тоқтату үшін 700-800 метр арақашықтық өтеді қолданғаннан кейін. Сондықтан оны тоқтату оңайға келіп сопайды. Жедел тежегішті берген күннің өзінде де машинистің өзіне стресс болып келеді. Сондықтан бүкіл автокөлік иелерінен жол ережелерін сақтауын сұраймын.