Білім гранты иегерлерінің тізімі шықты

  • AstanaTV
  • 07 тамыз 2026

Мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері анықталды. Биыл 75 мың талапкер тегін білім алу құқығына ие болды. Конкурсқа шамамен 127 мың өтініш түскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14 мыңға көп. Жалпы гранттардың 60%-ы инженерлік және техникалық бағыттарға, 20 пайызы педагогикалық мамандықтарға, қалған 20 пайызы өзге білім беру салаларына бөлінген. Өтініштерді қарау барысында халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған квоталар, халықаралық олимпиадалар мен ірі спорттық жарыстардың жеңімпаздарына конкурстан тыс берілетін гранттар ескерілген. Сондай-ақ мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтарға 1816 грант берілді.