Құрылыс саласының үздіктері марапатталды

  • AstanaTV
  • 07 тамыз 2026

Елімізде құрылысшылар күніне орай сала мамандарының еңбегі ұлықталды. Астанада Қазақстан Құрылысшылар одағы ұйымдастырған салтанатты жиында елдің түкпір-түкпірінен келген үздік құрылысшылар марапатталды. Бүгінде Одақ құрылыс саласындағы 1700-ден астам компанияны біріктіріп, еліміздегі ең ірі салалық қауымдастықтардың біріне айналған. Ұйым құрылыс компанияларына қолдау көрсетіп, құрылыс нормаларын жетілдіру, саладағы өзекті мәселелер мен баға тұрақтылығына қатысты ұсыныстар әзірлеумен айналысады. Кәсіби мерекеге арналған жиында көп жылдық адал еңбегімен ерекшеленген мамандарға арнайы марапаттар табысталды.

ТАЛҒАТ ЕРҒАЛИЕВ, ҚАЗАҚСТАН ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР ОДАҒЫ ПРЕЗИДИУМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

30,40 жыл құрылыс саласында жұмыс істеген. Солардың еңбегіне қарай марапаттаймыз. Еібек сіңірген құрылысшы медалі, грамота менн тағы да басқа сыйлықтар. Сол үшін осы үлкен шараны өткізіп жатырмыз осы Астанада. Әр жылы бүкіл өңірден құрылысшылар келіп марапатталады.