Сайлау учаскелеріндегі инклюзия талаптары тексерілді

Елордада Құрылтай сайлауы алдында дауыс беру учаскелерінің дайындығы тексерілді. Арнайы жұмыс тобы учаскелерді аралап, олардың инклюзивті орта талаптарына қаншалықты сай екенін қадағалады. Мамандардың айтуынша, кейбір мекемелерде әлі де олқылықтар бар. Арнайы инфрақұрылым мен пандустар, тактильді жолақтар талапқа сай келмейді.

КЕНЖЕҒҰЛ СЕЙТЖАН, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒЫНАН ОСАЛ САНАТТАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ:

Біз ұсыныстарды бердік. Мен ойлайм, әріптестеріміздің берген, біздің берген ұсыныстарымызды ескерді деп. Ол кісілерге бір апта уақыт беру керек шығар, біздің берген кемшіліктерді орындауға. Келесі апта 17-18 күндері қайта келіп қараймыз.