Бастауыш партия ұйымының өкілдері «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасын талқылады

  • AstanaTV
  • 07 тамыз 2026

Әділет партиясының мүшелері мәдениет және өнер саласының өкілдерімен кездесті. Жиында оқу мәдениетін дамыту, ұлттық мәдени мұраны сақтау, театрлар мен креативті индустрияларды қолдау мәселелері сөз болды.

Сондай-ақ, 3500-ден астам бастауыш партия ұйымының өкілдері сайлауалды бағдарламасын талқылады. Еліміздің барлық өңірінен келген партия мүшелері Бастауыш партия ұйымдарының республикалық форумына қатысты. Форумда қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау, өндірістегі қауіпсіздік, білікті кадрлар даярлау, бизнесті қолдау, инвестициялық ахуалды жақсарту және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері қозғалды.

АЙБЕК ДӘДЕБАЙ, "ӘДІЛЕТ" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біз сайлауға популистік ұрандармен емес, нақты есептелген, орындалуы толық мүмкін бастамалармен келдік. Бағдарлама жекелеген өңірлерге емес, бүкіл Қазақстанның дамуына арналған. Әр ұсыныс ғылыми зерттеулерге, сараптамаларға және ұзақмерзімді болжамдарға сүйене отырып әзірленген. Соның бір мысалы - "Өңірлер мықты болса - ел мықты" атты басымдық. Бұл бағыт еліміздің барлық тұрғынын қамтитын болады. Оны жүзеге асыруда бастауыш ұйымдардың рөлі ерекше болмақ. Өйткені жергілікті жердің ерекшелігін сіздерден артық ешкім білмейді. біздің мақсатымыз - облыс оталықтарын ғана емес, шекаралық аудандар, ауылдарды да қатар дамыту.