«Ауыл» партиясының кандидаттары Өскеменде экологтармен кездесті. Өйткені, өндіріс көп шоғырланған Өскемен үшін бұл сала өте өзекті. Сондықтан партия өкілдерімен кездесуде аймақта экололгия мәселесін көтеріп жүрген қоғамдық ұйым мүшелері келді. Өңірдегі эко-ахуалды жақсарту үшін атқарып жатқан жұмыстары туралы айтып, ұсыныс пікірлерімен бөлісті.Бұдан соң «Майлы дақылтардың тәжірибелік шаруашылығы» компаниясы ұжымымен кездесті. Қатысушылар кандидаттарға сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
ҚАЙРАТ АЙТУҒАНОВ, «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРҒАСЫ:
Мысалы қазір 25-30 центнер алса, оның ішінен қарап отырмыз 52 пайызы таза май. Бізде экспортта май дақылдары әлем бойынша сұранысы көп. Өзбекстанға Қытайға көп мемлекеттерге осы майды осы Қазақстан жіберіп жатыр. Жыл сайын Қазақстанда май дақылдарының алаңы көбейіп жатыр.