Respublica партиясының өкілдері өндірісті аралады

  • AstanaTV
  • 07 тамыз 2026

Сайлауалды үгіт-насихат кезеңінің бүгін 15-күні. Алматыда Respublica партиясының өкілдері индустриялық аймақтағы бірқатар өндіріс орындарын аралап, жұмысшылармен кездесті. Кездесу барысында кәсіпорындардың қазіргі жағдайы, өндірісті дамыту және еңбек ұжымдарын алаңдатқан мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, отандық өндірісті қолдау, кәсіпкерлерге тұрақты әрі әділ ереже қалыптастыру және қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру тілге тиек болды. Партия өкілдері жұмысшылардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, оларды сайлауалды бағдарламасында көтерілген бастамалармен таныстырды.

СЫРЫМБЕК ТАУ, RESPUBLICA ПАРТИЯСЫНЫҢ ТЕҢ ТӨРАҒАСЫ:

Шағын және орта кәсіпкерлер жалпы Қазақстандағы 9 миллион адам жұмыс істейтін болса, соның 4,5 миллионына жұмыс беріп отыр. Әр өңірде біз кәсіпкерлермен қандай проблема бар, қандай шешімі табылмай жатқан дүниелер бар осыны мұқият тыңдап жүрміз.