Қазақстанға Бельгия Королі Филипп келеді

Фото: Ақорда

Король Филипп Президенттің Ұлттық күнге орай жолдаған құттықтауына алғыс білдіріп, Қазақстанға алдағы мемлекеттік сапарына ерекше мән беретінін айтты

Бельгия Королі Филипп Қасым-Жомарт Тоқаевқа жауап хат жолдады.

Бұл турады Ақорда мәлімдеді. 

Король жеделхатта Мемлекет басшысының Бельгияның Ұлттық күніне орай білдірген жылы лебізіне шынайы ризашылығын жеткізген.

Сондай-ақ Король Филипп биыл Президенттің шақыруы бойынша Қазақстанға жасайтын алдағы мемлекеттік сапарына ерекше мән беріп отырғанын атап өткен.