Шавкат Рахмоновтың әкесі дүниеден өтті

Фото: instagram/shavkatrakhmonov94

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың әкесі Бақтыбай Рахманұлы Алпамысов қайтыс болды.

Бұл туралы спортшының қарындасы Сора Рахмонова әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Жарияланған мәліметке сәйкес, марқұмның рухына арналған бейсенбілік Құран асы 13 тамыз күні сағат 18:00-де өтеді.

«Қатысуларыңыз – марқұмның рухына дұға, біздерге үлкен қолдау. Алла Тағала қабыл етсін! Әмин», – делінген жазбада.